Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

Бүгінде коронавирус індетінің қаупі басылмай отыр. Яғни, инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артуда. Бұл жағдайға ең бірінші себеп — қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы. Сол себепті басты талаптарды естеріңізге сала кетуді жөн көріп отырмыз.

Ең алдымен, бетперделік режимі басты назарда болып, қоғамдық ортада міндетті түрде бетперде тағылуы керек. Екіншіден, жеке гигиеналық талаптар қатаң сақталуы керек. Көпшілік орыннан үйге оралған соң, қолды сабынмен жақсылап жуу, дезинфекциялау немесе бір реттік пайдаланатын қолғаптар киіп жүру қажет.

Осы ретте айта кетейік, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тестіден өткізу шаралары күшейтілді. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу