Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ЕСКЕРІҢІЗ!

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ЕСКЕРІҢІЗ!

Коронавирус инфекциясы адамнан адамға ауа арқылы жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде жұғады. Сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттармен және ауа, тамақ өнімдері және тұрмыстық заттардан да жұғады. Індеттің қысқа уақытта көп адамға жұғатынын ескере отырып әр азамат өзі сақтанса вирустың қоршаған ортаға таралуына тосқауыл болар еді.

Сақтанудың жолы қандай? Ең әуелі медициналық маска киіп жүру және оны жиі ауыстырып тұру қажет. Мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз. Ауру белгілері бар адамдарға жақындау сіздің денсаулығыңызға да қауіп төндіреді.

Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақтану алдында алдында қолды сабынмен жуып, үнемі антисептик құралын жиі қолдану керек. Сонымен қатар, сауда жасағанда төлем карталарын пайдаланғаныңыз дұрыс. Инфекция ақша арқылы да таралатынын ескеріңіз.

Бүгінде еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 13 558 жетті. 8531 емделіп шықса, 67 адам қайтыс болды. Ал Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар – 1022 адам.Егер әр азамат карантин тәртібіне бағынбай, сақтық шараларын сақтамаса жоғарыда келтірілген цифрлар екі немесе үш есеге артуы мүмкін.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу