Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СЕССИЯ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

СЕССИЯ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде 26 мәселе қаралды, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Нақтырақ айтар болсақ, сессия барысында қала әкімдігінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылған есебі тыңдалып, бюджетке өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай Шымкенттегі қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту мақсатында бағаларды саралау мәселесі қаралды. Енді қала тұрғындары жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге, ал қолма қол болса 100 теңге төлейтін болады.

Шымкент қаласы мәслихатының №5 округінен сайланған депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс алтыншы сессия төрайымы болып №1 сайлау округінің депутаты Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы сайланды.

Бұдан бөлек, шаһардағы төрт аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы сөз болғанын айта кеткен жөн.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу