Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАРСЫ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ҚАРСЫ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Шымкент қаласында сəуір мен мамыр айында инфекцияға қарсы тестілеуден 23039 азамат өту жоспарланған. Бұл меже артығымен орындалып, 23975 адамнан тест алынған. Ал осы ай ішінде 14184 адамды тексеруден өткізбек.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша төмендегі тізімде көрсетілген азаматтар коронавируске қарсы жоспарлы тестілеуден өткізілген:

1)COVID-19 провизорлық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;
3) COVID-19 жұқтырғандарынан 14 күнге дейін (үй карантинімен) жақын байланыс деректері анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін;
4) Контакт фактісі анықталған кезде науқастармен әлеуетті байланысы бар адамдар;
5) респираторлық белгілері бар медицина қызметкерлері;
6) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар.

Айта кетейік, эпидемиологиялық көрсеткіштер жергілікті жердің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз.

Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

Коронавирус қауіпті екені қаперіңізден шықпасын!

DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу