Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖИЫН ӨТТІ

ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында жолаушыларды тасымалдаушы компания өкілдерімен жиын өткізді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Жасыратыны жоқ, қалада әлі карантин жалғасып, маскалық режим қатаң талап етілгенімен, кейбір қала тұрғындары бейқамдық танытып, автобустар мен қоғамдық орындарда маскасыз еркін жүр.

Осыған байланысты, талапты күшейтіп, қоғамдық көліктерде бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз.

Өздеріңіз білесіздер, COVID 19 пандемиясының симптомсыз түрінің таралуымен қатар, тұмау, аллергия сынды аурулар да белең алуда.

Осы ретте, қала тұрғындарын санитарлық талаптарды қатаң ескере отырып, маскалық режимді сақтап, жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.

Егер жағдай жақсармаса, қайта шектеу қою шараларын енгізуге мәжбүр болатынымызды ұмытпауымыз керек, деді басқосуда Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 335 адам коронавирус дертімен ауырса, індеттің белгілері жоқ 656 тасымадаушы тіркелді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу