Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Ербол Әбілхайырұлы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын алға тартып, осыған орай карантин мерзімі ұзаратынын және кейбір шектеу шаралары енгізілетінін жеткізді.

– Қаламызда шектеу шарасы 22 маусымға дейін еді. Енді бұл 6 шілдеге дейін созылып отыр. Одан бөлек, кейбір шектеу шаралары енгізіледі. Арнайы топпен қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарды аралап шықтық. Өкінішке қарай сақтық шаралары дұрыс сақталмаған. Мұның бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты демалыс күндері қаланың күнделікті өміріне қажетті нысандардан басқа нысандар жұмысын тоқтатады. Яғни, сенбі, жексенбі күндері барлық азаматтар өз отбасымен үйлерінде отыруы керек. Егер біз осындай шараларды сақтамайтын болсақ, коронавирусты ауыздықтау мүмкін емес. Алдағы 20, 21 маусым күндерінен бастап қаладағы ойын-сауық орталықтары, ірі сауда орындары, базарлар, сауда үйлері мен орталықтары, фитнес орталықтары, бассейндер және спорттық нысандардың жұмысы тоқтатылады. Бірақ тек сенбі, жексенбі күндері. Бұл орайда көп қабатты тұрғын үйлердің аумағындағы азық-түлік, жеке азық-түлік дүкендері және қаладағы көтерме базар «Жібек жолы» мен «Қазыбек» базары жұмысын істейді», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

 

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу