Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » АҚ ХАЛАТТЫЛАР, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

АҚ ХАЛАТТЫЛАР, ЕҢБЕКТЕРІҢІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Қазіргі таңда пандемия адамзат үшін сынақ болып тұрғаны жасырын емес. Тұрғындар ғана да, дәрігерлер де оңай соқпай тұр. Тәулік бойына індетпен тіркеліп жатқандар көбейіп жатыр.

Шымкентте Төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгеннен бері ауруларды емдеп жатқан дәрігерлердің отбасына бармағанын да естіп жатырмыз. Әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел жәрдем және инфекцияға тест алатын орындарда еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

Коронавирустан әрбір науқас емделіп, отбасына оралған жаңалықты естігенде қатты қуанамыз. Бұл біздің ақ халатты абзал жандарымыздың еселі еңбегі, тәулік бойы кірпік ілмей, жанкешті еңбек еткенінің жемісі екенін әрбіріміз білеміз.

Бүгін Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын, қиын — қыстау кезеңдегі еңбектеріңізге басымызды иеміз. Дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін. Сіздерге күш — қуат, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

 

Гүлжайна Алпамысова,

ОҚМПУ Жаратылыстану факультетінің деканы, доцент

 

 

Пікір жазу