Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚАЖЕТТІ ӘРЕКЕТ

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚАЖЕТТІ ӘРЕКЕТ

Табиғат тосын сыйларға толы, әсіресе су тасқыны айтып келмейтін апат. Мұндай жағдайда әрдайым бірінші болып тұрғындарға көмекке өрт сөндіруші және құтқарушылар келеді. Ал, бұл кезде тез, әрі кәсіби түрде әрекет ету аса маңызды. Осы орайда жедел әрекет ету дағдыларын машықтап, үнемі жаттығып тұратын шымкенттік өрт сөндірушілер тәжірибелік сабақтарын Бадам өзені бойында өткізді. Мамандандырылған жасақтың жеке құрамына аталған өзен бойында «Өрт сөндіру сорғыш станциясы-200 (ПНС-200), Сүйремелі сорғыш станциясы-300 (СНП-300) техникаларымен су сору кезіндегі іс-қимылдар бойынша тәжірибелі сабақ өткізілді. Жас мамандарға аға буын жүргізуші қызметкерлер су сору жұмыстарының қыр-сырын таныстырды. Әрбір сәт пен іс-әрекет адамның өмірін құтқарумен байланысты болғандықтан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өздерінің кәсіби даярлығына жете назар аударады, дайындықтарын үнемі пысықтауды бірінші орынға қояды.

Б. Әбілқасым,
Шымкент қаласы мамандандырылған жасақ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты

 

Пікір жазу