Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАНДАЙ НЫСАНДАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАНДАЙ НЫСАНДАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Шымкент қаласындағы инфекциялық аурулардың таралуы жөнінде БАҚ өкілдеріне берген арнайы сұхбатында қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты демалыс күндеріндегі (сенбі, жексенбі) карантин шараларына да тоқтала өтті:

Атап айтар болсақ:

1. Жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендерін (10:00-ден 21:00-ге дейін) қоспағанда, барлық сауда базарлары (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары) және сауда нысандарының (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, оның ішінде орналасқан дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер) жұмыстары тоқтатылады;

2. Барлық қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы және қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Сұхбат соңында карантин кезеңінде жұмысын тоқтататын нысандар да айтылды:

1. Мектепке дейінгі (балабақша, түзету орталықтары) ұйымдардың жұмысы тоқтатылады;

2. Спорт нысандарының (фитнес-орталықтары, жаттығу залдары, спорт бассейні және кешендері) жұмысы тоқтатылады;

3. Базарлардың санитарлық күні демалыс күнге (сенбі, жексенбі) белгіленеді;

4. Қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарға, оның ішінде жиі жиналатын орындар, жаяу серуендеу орындары (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық алаңдарына, туристік орындарға баруға шектеу қойылады.

Ал қала көлеміндегі барлық медициналық ұйымдар, дәріханалар және қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты барлық коммуналдық қызметтер қалыпты режимінде жұмысын жалғастырады.

Сұхбат соңында Е.Садыр: «Қала тұрғындары карантиндік ережелерді сақтап отырған жоқ. Өздеріңіз де әлеуметтік желілерден көріп жатқандай той-томалақ өткізуде. Негізі әрбір азамат өз өміріне өзі жауапты. Ал біз кінәні басқа біреуден іздейміз. Бүгінгі дәрігерлер тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуде. Сол себепті ауру ошақтарында жүрген соң, олардың 20 пайызы ауырып қалуда. Осыған байланысты ауруханаларды таза және лас зоналарға бөлдік. Өйткені дәрігерлерді сақтауымыз керек. Сондай-ақ, ақ халаттылардың орнын алмастыратын қосымша мамандардың тізімін жасап жатырмыз. Алайда бір айта кететіні, егер біз санитарлық нормаларды сақтамасақ, дәрігерлерді де сақтай алмаймыз. Осыны түсінуіміз керек», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

©Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Пікір жазу