Шымкент қаласында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылатыны белгіі.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын.
Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат.
Осыған орай, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойған болатын.
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы шарт.
Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, Сіздерге және сіздер арқылы өңіріміздің мыңдаған мемлекеттік қызметшілеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топ жетекшісі,
Республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшесі.