Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншік нысандарға еркін-кіріп шығуды қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылуда. Жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды. Сонымен қатар, жекеменшік нысандарда орнатылған пандустардың бекітілген талаптарға сай келмейтіндері бойынша алдағы уақытта талапқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.
«Әл – Фараби ауданында мүгедектерге қолжетімді орта құру үшін ағымдағы жылы мыңнан аса жеке меншік нысанға бақылау жүргізілген. Бүгінде оның 971- і пандус орнатса қалған 40 шақтысы әкімшіліктен ескерту алған. Жергілікті билік өкілі ескерту нәтижесіз қалса құзырлы органдар тарапынан айыппұл салынатын болады», – дейді Әл–Фараби ауданы әкімдігінің өкілі.
Бүгінде Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі төрт мыңға жуық азамат бар. Оның 300-ден астамы өздігінен жүріп тұруы қиын арбаға таңылған жандар.
© DIDARBEK.kz