Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 75 МЫҢ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

75 МЫҢ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметке» берілгеніне тура бір жыл толады.

Осы уақыт ішінде Шымкент қаласының ХҚО-ры 7 635 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеп, 75 320 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Барлығы Азаматтарға арналған үкіметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берілген.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу Әділет министрлігінің құзырында қалды.

Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тіркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкімет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тіркелген ЖШС саны жоқ.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттік корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» бастамасымен «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң толықтырылды.

Атап айтқанда, Жарғының телнұсқасын беру мерзімі үш жұмыс күнінен бір күнге дейін, бизнесті қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі он жұмыс күнінен беске дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, басшының, қызметтің негізгі түрінің және т. б. өзгеруі сияқты заңды тұлғалардың деректерін өзгертуді автоматтандыру мәселесі пысықталуда.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу