Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында медициналық ұйымдарда стационардың жұмысы күшейтілді, деп жазады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар енді емханада ем қабылдай алады. Бұл үшін медициналық ұйымдарда күндізгі стационардың төсек қоры кеңейтілді.

Пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін 14 мемлекеттік емханада және 26 жекеменшік медицина орталығында 623 төсек — орын дайындалды. Күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мұндағы мамандар дәрігердің тағайындауы бойынша науқастарға тамырдан және жамбастан екпе салу сынды емдеу шараларын жүргізеді.

Күндізгі станционарда төсек — орын мен дәрілік заттар жеткілікті.

Айта кетейік, науқастар тіркелген емханасы бойынша станционарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емделе алады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының тұрғындары дәріханалардағы дәрілік заттардың бекітілген шекті бағасынан асып кеткенін байқаған жағдайда 30-03-04, 21-23-37 бірыңғай байланыс нөміріне шағымдана алады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу