Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЛА ӘКІМІ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты, деп жазады Шымкент ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаевтың айтуынша, қалада коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 2084 науқас тіркелген. Оның 45 пайызы – симптомсыз. Провизорлы стационарлардың төсек қоры 89 пайызға жүктелген. Ал дәрі — дәрмектің екі айлық қоры бар.

Брифинг соңында сөз алған қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы қазіргі кезде медицина мамандарына жүктелген міндеттің ауыр екендігін алға тартып, тынымсыз еңбек етіп жатқан мамандардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырды. Ең бастысы, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану қажет екендігін ескертті.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу