Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҰЛТТЫҚ КІЛЕМ НАСИХАТТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ КІЛЕМ НАСИХАТТАЛДЫ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылына және Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай жеке коллекционер Дана Бектаеваның онлайн кілем көрмесі өтті. Тікелей эфирде өткен іс-шара мегаполистегі «Көрме» орталығы мұрындық болды. Карантин тәртібі сақтала отырып бабаларымыздан мұра болып келе жатқан ұлттық кілем насихатталды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Көпшілікке ұсынылған кілемдер Дана Бектаеваның жеке коллекциясындағы дүниелер. Көрмеге 19-20 ғасырларда қолдан тоқылған түрлі кілемдер мен алашалар, уықбау, басқұр сынды киіз үй жабдықтары  қойылды. Қазақстанның басқа өңірлерінен жинақталған құнды кілемдердің біршамасы Оңтүстіктен, Сыр өңірлерінен табылған. Ұлттық қолөнерді ұлықтап, өзіндік ерекшелігін бағалап, кілем тоқу өнерін өшірмей, кереметтілігін халыққа паш ету мақсатында өткізілген шараның өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор.

Дана Бектаева- коллекционер: Кілем беттеріндегі сан алуан өрнектің тілі, бұйымдардағы бейнеленген жануарлар, өсімдік әлемінің- әрқайсының өзіндік мән-мағынасы терең философиялық мәнге ие. Бұл көрме  көнеден сыр шертетін тарихи дүниелер, кілемдер арқылы сол заманның тарихын, тыныс тіршілігін таныстырып, қолданбалы өнерді насихаттау болып табылмақ.

 

Пікір жазу