Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӨШЕЛЕРДІ АБАТТАНДЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

КӨШЕЛЕРДІ АБАТТАНДЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Мегаполисте жол құрылысы жұмыстары қарқынды. Биыл жалпы ұзындығы 414 шақырым жол орташа және күрделі жөндеуден өтеп жатыр. Оның 313 шақырымын жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. 75 шақырым магистралды көшелер күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Шымкентте  автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  2976 шақырым.  Оның 1758 шақырымы асфальт жол,  1107-сіне   тас төселген,   112 шақырымы топырақ жол.  Жалпы жолдың 56.5 пайызы ғана қанағанаттанарлық жағдайды. Биыл осы көрсеткішті 60 пайызға жеткізу басты назарда.   Шаһардың орталық көшелері сонғы 10 жылда жөнделмеген. Енді жаңарған көше бойларында арнайы вело жол болады.   Республика даңғылы ұзындығы Республика даңғылы түгел жаңарады. Оның ұзындығы 5,2 шақырым. Күре жолға   Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысынан бастап  Қазығұрт шағынауданына дейін жаңа асфальт қабаты төселеді. Құрылыс барысында тунелді абаттандыру жұмыстарыда  қамтылған.

АБАЙ ТҰРХАНОВ – ШЫМКЕНТ  ҚАЛАСЫ  ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Республикалық даңғылдың бойындағы тунелді жабдықтау жоспарланған. Жергілікті өнімдермен қамтылады. Жарықтандыру асфальт қабатын ауыстыру қаралған. Жұмыстар 3 айда жүргізіледі.

 

Пікір жазу