Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АБЗАЛ ЖАНДАР!

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, АБЗАЛ ЖАНДАР!

Қымбатты әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Коронавирус індетімен күресте медицина мамандары алдыңғы қатарда тынымсыз еңбек етіп жүр. Дәрігерлердің, біздің осындай қиын уақытта басымызға түскен ауыртпалықты жеңе алатынымызға сенімдімін.

Медицина мамандарына жүктелген жұмыстың көптігінен сіздердің жаныңызға жақын адамдар мен отбасы мүшелеріңізбен де сөйлесуге уақыт жетпей жүргенін білемін. Бірақ, біз көп болып, бірліктің көмегімен барлық ауыртпалықты жеңе алатынымызға сенімдімін.

Медицина — бұл жай ғана мамандық емес, мұнда кездейсоқ келген жан жоқ. Адам саулығының қорғаны болып жүрген бұл мамандық иелерінің еңбегі орасан зор!

Коронавируспен күресте сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғысымды айтамын!

Сіздерге ертеңгі күнге деген сенімділік, орасан зор жоспарларыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз. Отбасыларыңызда бейбітшілік пен амандық, мықты денсаулық болсын! Өздеріңіз де күтініп жүріңіздер!

Құрметпен, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Албаев Рустам Қуанышбекұлы.

 

Пікір жазу