Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Шымкентте қызмет бабында қаза тапқан полицейдің отбасы мерекеде назарсыз қалмады. Оларды қаруластары құттықтады. Қуаныштың бел ортасында департамент бастығының өзі жүрді.

Полиция аға сержанты Әшірбеков Пернен Арысбайұлы осыдан 23 жыл бұрын қызмет барысында қаза тапқан болатын. Артында бір жасар қызы мен жары қалды. Бүгінде Айжан Перненқызы  бойжетіп, тұрмыс құрған. Полиция күні  қарсаңында Айжан  әкесінің абыройын тағы сезінді. Қаруласының қызын құттықтауға бір шоқ гүлін арқалап, департамент бастығының өзі келді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Мереке күнінде Айжан Әшірбекова ерекше толқыды. Себебі бала күнінен форма киген адамды көрсе әкесін аңсаушы еді. Бұл жолыда шен таққан ағаларды көріп толқып кетті.

Айжан Әшірбекова –Пернен Әшірбековтың қызы: Өмірден өткен әкемнің осындай абыройын сезініп жүрегім қуанып тұр. Қандай қуаныш біз үшін келгендеріңізге рахмет.

Бұл тосын сыйды Айжанның анасы Баршагүл Қасымбекова ұйымдастырған. Ол Полиция департаментінің әлеуметтік желісіне осы кездесу жайында өтінішін жазған. Департамент бастығы мың сан жұмысы болсада марқұм болған қаруласы үшін оның қызының көңілін қалдырғысы келмеді. Өтінішінің орындалғанына Баршагүл Қасымбекова дән риза.

Баршагүл Қасымбекова — Пернен Әшірбековтың жары: Өте үлкен рахметімді айтамын. Мен сізді келеді деп ойлаған жоқпын. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Беделдеріңіз биіктей берсен.

Бұл отбасы үшін 23 маусым – Қазақстан Полициясы мерекесінің орны бөлек. Биылғы мереке ерекше есте қалатын болды. Қарапайым тілектердің қабыл болғанына қарап полицейлер халыққа жақындай түскенін байқауға болады.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу