Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » БОЛДЫ, БІТТІ…

БОЛДЫ, БІТТІ…

cropped-.Ә.-2.jpg
Ендігі жерде кәсібімді ауыстырамын ба деп отырмын – журналист болу шарт емес, ал жемқор болу парызың сияқты ғой мына заманда. Журналист болсаң, сотталасың, жемқор болсаң, сотқа беріп отырасың – рахат емес пе!
Жемқорлардың жемсауы толып, лоқсып, құсқанша жұта берсе де, оларға заң жоқ екен! Осындайды болдырмау үшін күрескен журналистерге қайта күн жоқ! Не деген парадокс!..
Ана шал ана жерде ішкен-жегенімен қоймай, қызмет көлігінің ішек-қарнына дейін ақтарып кетеді – оған заң жоқ!
Мына кемпір мына жерде миллиондап жұтып отырса да, қақалмайды – оған да заң жоқ!
Ал, осыны жазған журналист – берегись!..
Осындай жемқорлардың атойлатуымен зейнет жасын жылдан жылға ұлғайта береді – өйткені, мыналар отыр ғой, суперклеймен жабысып қалғандай болып!
Короче, жемқорлар партиясы қайда? Барып, өтініш жазайын…
 
(Ә.Ә.)

Пікір жазу