Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 590 ЖАҢА АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 590 ЖАҢА АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ

Көлік картасының бағасы – 500 теңге. Карталардың 4 түрі бар – жалпы пайдаланатын карта, оқушылардың картасы, студенттік карта және тегін жүру картасы. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан көлік картасы Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І — топтағы зағип жандарға тегін таратылады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлімдеді.

Жолаушыларға көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік бар.
Қазіргі таңда қаланың магистралды жолдарының 75,3 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі бойынша заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға беріледі.

Қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында, 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық 2020 жылдың жергілікті бюджетіне енгізілді (жалпы құны 7 014,0 млн. тг., 2020 жылға – 50,0 млн. тг.). Оған қоса Бәйдібек би – Арғынбеков –А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылдары қиылысындағы жолайрықтың 1-кезеңінің ЖСҚ-сы әзірленіп, қала бюджетіне енгізілді (құны 11,4 млрд.тг., 2020 жылға – 50,0 млн.тг.). Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу