Бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы бағыты бойынша «Нұрсәт» тұрғын алабы, Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 9 қабатты 112 пәтерлік №24, 26 (5, 6) тұрғын үйлер өз иелерін тапты.
Дәл осы бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50% жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары т.б.) берілу көзделген болатын.
Бүгінгі таңға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің ішкі құжаттарына сәйкес, бұл тұрғын үйлердің пәтерлері балдық жүйеде 73 банк салымшыларына бөлініп, пәтер кілттері 54 азаматқа тапсырылды.
Қоныс жайлы болсын, қадірлі жерлестер!
© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топ жетекшісі.