Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » АЗАТ ЕЛДІҢ АЛЫП ШАҺАРЫ

АЗАТ ЕЛДІҢ АЛЫП ШАҺАРЫ

Елорданың құрылысы Қазақстанның жаңа тарихында ерекше орын алған оқиға болды. Астананың іргетасы өткен ғасырдың аяғында қаланды. Ол шақта Кеңес Одағы тарап, тәуелсіздік алған еліміздің экономикалық-саяси ахуалы төмен еді. Халықтың әлеуметтік мәселесі бәрінен де жоғары тұрды. Барлық күш пен табыс тұралаған экономиканы қалпына келтіруге жұмсалды. Бірақ сондай қиын жағдайға қарамастан Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихи, стратегиялық шешім қабылдап, елорданы сол кездегі Алматыдан Ақмолаға көшірді.

Елораданың қысқа шежіресінде оның атауы екі рет ауысты. Алғашқыда Астана деп аталса, 2019 жылдан бастап осы алып шаһардың архитектуралық идеясын дүниеге әкеліп, оны нақты жүзеге асырған Елбасының құрметіне орай Нұр-Сұлтан деген атауға ауысты.

Тұңғыш Президент елорданы ауыстырумен Абылай ханның «Арқаға қала салдырсам» деген арманын іске асырса, бір жағынан мұндай шешім қабылдау стратегиялық идеядан туды. Өйткені астананың мемлекеттің орталығында орналасуы оны басқаруға, әр өңірдің саяси-демографиялық ахуалдарын теңдей бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан жай ғана қала емес, бұл жерде шығыс пен батыстың сәулеттік үлгі өрнектері тоқайласып үйлесім тапқан мегаполис. Сондықтан да елордада қазақтың оюларымен сәнделген күмбезді ғимараттармен қатар төбесі көк тіреген зәулім үйлер шаһардың архитектуралық ансамблін құрап тұр. Тіпті астанада Орта Азияда теңдесі жоқ ерекше мәдени, діни, ойын-суықтық нысандар бой көтерді. Осындай алып шаһардың үлкен ауқымдағы құрылыстары Елбасының қолдауымен және тікелей бақылауымен жүргізілді. Құрылысшылардың,архитекторлардың шабытын оятып, қиялына қанат бітірген де Президент. Сондықтан елорда Елбасының төл туындысы. Қала құрылысының алғашқы жоспары Тұңғыш Президенттің қалам эскиздері арқылы жасалды.

Нұр-Сұлтан еліміздің астанасынан бөлек Орта Азиядағы өңірлік және әлемдік деңгейдегі саяси экономикалық шешімдер қабылданатын, жоспарлар түзілетін орталыққа айналды. Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының отырысы, Сириядағы соғысушы тараптарды бітімгершілікке шақырған Астана саммиті, Астана экономикалық форумы, Қазақстанды дүние жүзіне паш еткен ЭКСПО көрмесі және басқа да халықаралық көлемдегі іс-шаралар соның айғағы.

Елорданың қазақ үшін орны ерекше. Ол тәуелсіз елдің жаңа астанасы. Оны көркейту, дамыту, тарихи маңызы зор қала ету баршамыздың міндетіміз.

Талғат ЫСҚАҚОВ,

«Бал Текстиль» ЖШС директоры

 

Пікір жазу