Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШАҚАЛАҚҚА ЖАСАҒАН КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ

ШАҚАЛАҚҚА ЖАСАҒАН КҮРДЕЛІ ОТА СӘТТІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды, дейді мамандар. Оны ақ халаттылар бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасап, шақалақтың өміріне келген қауіптің алдын алды. Ота 3 сағатқа созылды және сәтті өтті дейді мамандар. Жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасаған дәрігерлер — Абдықадыров Мұхтар және Тансық Орынбасарұлы.

Айта кетейік, қалалық клиникалық балалар ауруханасында 5 төсек-орынға лайықталған нейрохирургиялық бөлімше биылғы ақпан айында ашылған болатын. Жыл басынан бері мұнда неврологиялық жүйесінің туа бітті ақауымен дүниеге келген 5 нәрестеге сәтті ота жасалып, барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған. Уақытты кейінге шегермей дер кезінде жасалған ота көп қиындықтың алдын алады. Ота сәтті жасалса, тез сауығып кетеді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу