Шымкент қаласының полицейлері егде жастағы тұрғындардың үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жарияланған карантинге байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының Полиция басқармаларымен егде жастағы тұрғындардың үйіне барып, құжаттарын жаңарту бойынша қызмет көрсетілді.
Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы полиция капитаны Н.Ондасинов, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Н.Палжигитов, Еңбекші ауданының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты М.Мейірбеков, Қаратау ауданының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы полиция майоры Ж.Сауғабаев қаладағы карантин режимі енгізілген уақытта жеке куәлігінің мерзімі өткен, жүріп-тұруы қиын азаматтарға, қарттарға көшпелі қызмет түрін ұсынды.
Нақтырақ айтсақ, егде жастағы тұрғындарының үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті және оған қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары Полиция басқармаларының көші-қон қызметі және Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінен құрылған мобильді топ «Ұлы Отан соғысының» ардагерлері, «Тыл ардагерлерінің» және жүру мүмкіндігі шектелген азаматтардың үйлеріне дайын жеке куәліктерін алып барып, заңдастырып берді.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері тұрғындарға сапалы қызмет түрін ұсынып қана қоймай, халыққа қорған болу мақсатында жұмыс істейді.
Айта кетейік, өздігінен жүріп-тұруы қиын зейнет жасындағы азаматтар құжат рәсімдеуге қатысты мәселеңіз болса, 1414 колл орталығына хабарласып, осы қызмет түрін үйден шықпай алуға өтініш тастай аласыз. Шымкент қаласының Полиция департаменті және оған қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының Полиция басқармалары көші-қон қызметі бөлімдерінің қызметкерлерінен құрылған мобильді топ бүгінге дейін 457 адамға ҚР азаматтының жеке куәлігін ресімдеп, дайын құжаттарын иелеріне тапсырған.
Полиция қызметкерлері тарапынан осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.