Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы арқылы» қаржылай көмек алып, жұмыс жүргізіп отырған шаруа қожалықтарын қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Әкім аталған тұрғын алабында орналасқан ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші, негізінен сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын «ЭМ-НУР» ЖШС-гінде болды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 6 600 тонна сүтті қайта өңдеп, 550 тонна қатты ірімшік өндіруге бағытталған. Бұл кәсіпорын биылғы жылы 262 тонна қатты ірімшік өңдірісіне — 87 987,3 мың теңге субсидия алған.
Сондай-ақ, қала әкімі аумағы 2,2 гектарды құрайтын «Иляев» ЖК өндірістік жылыжай кешенін аралап көрді. Кешеннің жылдық қуаттылығы 800 тонна қызанақ өндіруге бағытталған. Қазіргі таңда 600 тонна өнім жиналыпты. Егілген қызанақ сорттары: «Мерлис» және «Пембе». Кәсіпкердің өндірістік жылыжай кешенінің құруға жұмсаған шығынына мемлекет тарапынан 139 256,0 мың теңге қолдау көрсетілген.
Мұрат Әйтенов салаға жауаптыларға жылыжайды ұлғайту үшін бағбанға қосымша жер беруді тапсырды.
© DIDARBEK.kz