Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов және орынбасары Нұрлан Жаманкөздің қатысуымен брифинг өтті, деп жазады Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Баспасөз мәжілісінде сөз алған басқарма басшысы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Спикерлердің сөзіне сүйенсек, жыл соңында көрсетілген 8 бағыт бойынша 68 нысанның (21 ауыз су нысан, 1 кәріз нысан, 9 электр нысан, 1 табиғи газ нысан, 13 жылу нысан, 12 сейсмонығайту нысан, 11 абаттандыру нысан) құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Ал қалған 51 нысанның жұмысы 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар, жыл қорытындысымен индикатор көрсеткіштері ауыз сумен қамту 94,7%-дан 95,3%-ға, сапалы электр энергиясымен қамту 93%-дан 95%-ға өсу және жылу жүйелерінің тозу деңгейі 42,7%-дан 38%- ға дейін төмендету күтілуде.

Брифинг барысында жылу беру маусымына дайындық жоспары бекітіліп, бүгінде қызу жұмыстар жүріп жатқаны айтылды. Одан бөлек, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

 

 

Пікір жазу