Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Шымкентте үш мыңнан астам науқас короновирустан емделіп шықты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді. Оның айтуынша, дертінен сауыққандардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар.

«Шымкент қаласында 2020 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустың 4839 жағдайы тіркелді. Оның 2364-і симптомсыз болып анықталған. Бүгінде инфекциядан жазылып шыққан науқастардың саны 3006-ға жетіп отыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-деді Т. Варзилов.

Айта кетейік, бүгінгі күні емханалар жанынан құрылған мобильді бригадалар саны артып, 211-ді құраған. Мобильді бригада мамандары үйде 16 382 пациентке қызмет көрсетіп, 47 945 адамға дәрі-дәрмек жеткізіп берген.

Еске салатын жағдай, Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

©Өз тілшімізден

 

Пікір жазу