Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

Шымкент қаласында инфекциялық ауруға шалдыққан науқастардың азаюына байланысты үш провизорлық стационардағы төсек-орындар уақытша жабылды. Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпид ахуал жөнінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта провизорлық стаионарларды кезең-кезеңімен консервациялау басталды. Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 мектепте ашылған стационарда — 300 орын және №86 мектепте ашылған стационарда — 400 орын уақытша қызметін тоқтатты» — деді.

Уақытша жұмысын тоқтатқан стационарлар эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болады.

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілген болатын. Нәтижесінде қосымша 211 мобильді топ құрылып, 17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.

Бұл ретте, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу