Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЛА ЖАСТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ- жұмыссыз жастарға өз мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

Жастар практикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың үш жыл ішінде оқуды аяқтаған түлектерінің ішінен жұмыссыздарға арналған. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін үміткердің жасы 29-дан аспауы керек.

Тәжірибенің ұзақтығы — 6 айға дейін. Жалақы ай сайын төленеді (25 АЕК). Көптеген түлектер тағылымдамадан өткен компанияда жұмыс істейді. Мұның бәрі үміткерге, оның шешімі мен жаңа тәжірибе алғысы келетіндігіне байланысты.

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттарды қабылдайды және жастар практикасына қатысу бағыттарын ұсынады.

Қажетті құжаттар:

1) өтініш⠀
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі⠀
3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса)⠀
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Барлық сұрақтар бойынша қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне аласыз. Мекен-жайы: Нұрсат м/ а, С.Бәйтереков көшесі, 89
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері (9.00 ден-18.00-ге дейін,түскі үзіліс сағат 13.00-14.00)

 

Пікір жазу