Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДІҢ 3 НҰСҚАЛЫ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДІҢ 3 НҰСҚАЛЫ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Шымкент қаласында провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар  77%-ға азайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.

– Қазіргі таңда қалада эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Қосымша айта кетсем, жұқпалы ауруларға байланысты провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды. Дегенмен әрдайым ахуалды бақылауда ұстау – біздің басты мақсат. Бұл тұрғыда жүйелі жоспарларымыз бар. Мұның «А» нұсқасына тоқталсам, қазіргі қалыпты нормада 1420 төсек-орындық 10 провизорлы стоционар және 2 инфекциялық аурухана жұмыс істеуде. Егер науқастар саны көбейсе «Б» нұсқасына, ал ахуал тым ұшықса «С» нұсқасына көшеміз, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Брифинг барысында қала әкімінің бірінші орынбасары жалпы, халыққа қызмет көрсететін жұмыстардың сапасын күшейту үшін, ең алдымен, қызмет көрсететін сол қызметшілердің сана-сезімін өзгерту қажет екенін жеткізді. Яғни осындай жүйелі өзгеріс болмай, ешқандай салаларда жетістік болмайтынын алға тартты.

©Өз тілшімізден

Фото – Береке Сейітжаппар

 

Пікір жазу