«Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қамбарбеков, Партиялық бақылау комиссиясының төраймы А.Елчиева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Мейрманов, комиссия мүшесі Н.Анарбаев және БАҚ өкілдері бастаған мобильдік топ Еңбекші ауданындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасына партиялық бақылау жүргізді. Бақылаудың нәтижесінде Рысқұлов көшесінен басталған Адырбеков көшесі бойындағы жол жөндеу жұмыстарына 2 жыл уақыт өтседе әлі бітпей тұрғаны белгілі болды.
Осыған байланысты аудан тұрғындарынан көптеген шағым келіп түсуде. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан келген маманның берген мәлімдемесі бойынша жол құрылысын жүргізіп жатқан Тараздық «Каз Тракшин» ЖШС жұмысты игере алмауына байланысты сотқа берілген. Соттың шешіміне байланысты қазыр жұмыс тоқтатылып тұр. Ендігі жұмысты жүргізуші «Базис-К» ЖШС алдағы 1 аптаның ішінде жұмысты бастаймыз деп уәде етті. Алдағы күндері жұмыстың басталуын партия бақылауына алатын болады.
Ал , Жібек жолы көшесі мен Тәуке хан даңғылы аралығындағы Адырбеков көшесінің жылу құбырларын ауыстыру және жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, тамыз айының соңына дейін бітуі тиіс. Құрылыс жұмыстарын «ТУРАН ГГ» ЖШС жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстардың аяқталуыда партия бақылауында болады.
© DIDARBEK.kz