Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Шымкенттен шалғайда орналасқан елдімекендердің инфрақұрылым мәселесі толығымен шешілетін болады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қаладан шалғай орналасқан елдімекендерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданындағы Текесу тұрғын алабында инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тапты.

Анығырақ айтар болсақ, ағымдағы жылы аталған тұрғын алапқа шағал тас төселіп, 3 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы негізгі көшесіне демеушілер тарапынан жарық бағаналары орнатылған болатын.

Бұған дейін тұрғындар электр және газ жүйесімен толығымен қамтамасыз етілген болатын. Үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 17 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындардың пайдалануына берілді.

Осылайша инфрақұрылым жүйелері күн тәртібінде болған қаланың шалғайындағы тұрғындар үшін бұл мәселенің шешілу күні де алыс емес.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу