Шымкент қаласында AR-shymkent– виртуалды жобасы қолға алынды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Жобаның мақсаты – туризм саласын цифрландыра отырып, идеологиялық, ақпараттық – танымды дәстүрлі жарнамалық шығындарды азайту, заманауи технологияларды қолданудың кері байланыстағы рөлін насихаттау болып табылады.
AR-shymkent QR-кодының көмегімен туристер өз смартфондарына Шымкенттегі тарихи ескерткіштердің тарихы, жай-күйі туралы ақпарат ала алады. Яғни AR-shymkent аудио, видео, фотоақпараттарды интерактивті нысанда және 3D нысанда көруге мүмкіндік береді.
Қалалық цифрландыру басқармасы мамандарының айтуынша, жобада екі виртуалды ақпараттандырушы қызмет көрсетеді. Біріншісі – қаланың географиялық жағдайы туралы жол көрсетуші виртуалды гид болса, екіншісі – сол нысанның немесе тұлғаның (ескерткіштің) тарихын, я өмірбаянын айтатын видеобаяндамашы.
Қаладағы 103 қоғамдық орында QR-коды бар 830 арнайы белгі орнатылады. Атап айтқанда кинотеатрлар, сауда үйлері, саябақтар, автобустар, қонақ үйлер мен қоғамдық орындар таңдалған.
Қазіргі таңда жобаны іске қосушы компаниямен келісімшартқа сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.
© DIDARBEK.kz