Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ ЛОГОТИПІНІҢ НҰСҚАЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ ЛОГОТИПІНІҢ НҰСҚАЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында Ескі қалашық логотипінің нұсқаларын ел назарына ұсынды. Цитадель логотипіне лайық деп сегіз нұсқасы ұсынылған.

–Өздеріңізге белгілі, Шымкенттің көне шаһар екенін көркемдеп жеткізетін, ерекше тарихи орындарының бірі ретінде – Цитадель ескі қалашығы салынуда.

2002-2003 жылдары археологтар Шымкентке 2200 жылдан кем емес екенін анықтады. Оған біздің ескі қалашықтың төменгі қабатындағы б.э.д. 3 ғасырдың аяғы мен 2 ғасырдың басындағы қыштың сынықтары мен археологиялық көне заттардың табылуы негіз болған.

Қазір қалашықта тиісті жұмыстар атқарылылып, жақын арада ашылуы жоспарлануда.

Ескі қалаға сала мамандары арнайы логотип те әзірлепті. Суретте өзіңізге ұнаған, дұрыс деп тапқан нұсқасын төменде белгілеп қалдырсаңыздар. Біз үшін әрбір қала тұрғынының пікірі маңызды, – деді қала әкімінің орынбасары.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу