Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МАРЖАН ТАСТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӨШБАСШЫ КӘСІПОРЫН

МАРЖАН ТАСТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӨШБАСШЫ КӘСІПОРЫН

Қазақстан Республкасының Президенті Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін атап өткен болатын. Бүгінде Шымкент қаласындағы индустриялық — инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан жобалардың бірі — «Бесқұдық тас» зауыты.

Қазіргі таңда маржан тастарын өңдейтін көшбасшы, әрі өзінің шикізат және өндірістік базасы негізінде құрылған заманауи кәсіпорындардың бірі. Онда дайындалған травертин құрылыс материалдары Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне, ескерткіштер мен мүсіндерге қолданылуда.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына жүз миллионнан аса тас өңдейді. Бұл жылы өндіріс көлемін 200 миллион данаға жеткізуді жоспарлап отыр. Өнімнің сексен пайызын еліміздің ішкі нарығына, жиырма пайызын Еуразиялық экономикалық одақ елдерге өткізеді.

Өндіріс орнында тоқсан екі адам тұрақты жұмыс жасайды. Мекеме басшылары алдағы уақытта жұмысшылар санын көбейтіп, өзге қалада да филиалдарын ашуды көздеп отыр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу