Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!

ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА!

Бүгін Шымкентте керемет қайырымдылық шарасы өтті. «Өмірге үміт сыйла!» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылдып, шара барысында қаладағы ауруханаларға 33 концентраторы тарту етілді

ҚМДБ-ның «Зекет» қорының бастамасы аясында қолға алынған акция қаншама науқас жандардың дертіне шипа болып, көмегін тигізіп жатыр.

Жалпы, ұйымдастырылған қайырымдылық шарада 33 дана оттегі концентраторы шет елден арнайы тапсырыспен алынып, Шымкент қаласы, Асар мөлек ауданында Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты жаңадан салынған қалалық инфекциялық ауруханасына 9 дана, №14 ауруханаға 5 дана, қалалық инфекциялық ауруханаға 9 дана, №2 қалалық «Оңалту орталығына» МКК-не 3 дана, №1 қалалық клиникалық ауруханасына 4 данасы үлестірілді. Және қала бас имамының шешімімен «Шымкент» медресе колледжінің медециналық бөліміне 3 данасы берілді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы игі шараның басы — қасында жүріп, қол ұшып беріп, үлес қосқан қайырымды жандарға арнайы алғысын білдірді. Жалпы, бұл бағыттағы қайырымды һәм сауапты жұмыстар жалғасады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу