Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛМЕК

Шымкент қаласында көліктерде электрондық төлемақы жүйесі енгізілмек.

ЖҮЙЕ МАҚСАТЫ:

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

 Цифрлық шешімдері мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу;

 Қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау;

 Қалалық бюджетке түсімдерді арттыру.

Жүйенің мүмкіндіктері:

Икемді тарифтік саясат арқылы қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру;

 Жолаушылар ағынының таралуы бойынша нақты статистикалық есебін беру;

 Маршруттық желісін тиімді пайдалану;

 Нақты деректер арқылы әлеуметтік мәні бар маршрутарды субсидиялау.

Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвестициялар есебінен іске асырылады. Инвестициянын көлемі 1,2 млрд. теңгені құрайды.
Қоғамдық көлікте жол жүру төлемақысын төлеу үшін көлік карталардың 4 түрі қарастырылған:
1. Стандарттық (жалпы пайдалануға),
2. Мектеп оқушыларына, студенттік жеңілдік.
3. Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-кода, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді.
Жүйені пайдалануға қосылуымен қатар қалалық маршруттарына сараланған тарифті белгілеу мәселесі қаралады, яғни көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қазіргі қолданатын тарифпен төлейді,
4. Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф жоғары болады (шамамен 100 теңге).

 Қоғамдық көлікте электрондық билеттендіру жүйесін енгізілетіндігі туралы қала тұрғындарының назарына жеткізу/хабарлау мақсатында, тиісті іс-шаралар әзірленді; (PR- акцияларын өткізу, жарнама бейнероликтер мен буклеттерді дайындау, еріктерді (волонтер) жұмылдыру).

 Көлік картасының бағасы 500 теңге.

«QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан 14 мың көлік карта Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарына және І — топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.

Бүгінгі танда, жүйені енгізу үшін көлік компанияларымен шарт жасалды. Автобустарға валидаторларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді. Тұрғындарға тиісті мәліметті беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы ашылды (орталықтың нөмері 87758112222)
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 30 қыркүйекке дейін автобустарға валидаторлар толығымен орнатылады.

 Жүйені іске қосу 2020 жылы 15 қазан күні жоспарлануда.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу