Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАЛАНЫҢ ГЕОПОРТАЛЫ ДАЙЫНДАЛУДА

ҚАЛАНЫҢ ГЕОПОРТАЛЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Маулен Айманбетов өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады.

Шымкент қаласының геопорталы – қалада орналасқан әрбір нысан туралы толық ақпарат жинақталатын арнайы сайт болады дейді.

Аталған порталды кезең кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 1 кезең іске қосылады деп күтілуде. Онда жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлкеттік қызметтердің барлығы енгізіліп, толығымен автоматтандырылады. Яғни қаланың Бас жоспары, жерге қатысты ақпараттар, мекенжай анықтамасы қосылады.

Жалпы портал — қала аумағындағы нысандар мен процестер туралы шынайы және өзекті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. Жоба аясында сәулет және жер қатынастары саласында кәсіпкерлік бағытындағы процестерді автоматтандыру, қызмет көрсету сапасын жоғарылату және мерзімін қысқарту жоспарлануда.

Атап айтқанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік коммуникацияларға қосылуға арналған техникалық шарттарды алу, оларды келісу және құжаттарды беру секілді процестерін геоақпараттық сервис арқылы автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сервис арқылы кез келген қала тұрғыны (инвесторлар, кәсіпкерлер және т. б.) жер учаскесі туралы, оның кадастрлық құны, кепілдік жарнасы, жер учаскесінің орналасқан жері және өзге де ақпаратты көре алатындай етіп әзірленеді.

Сондай-ақ, нысанның орналасуы және сол аумақтың даму бағытын көру арқылы кәсіпкерлер өз кәсібін қандай көлемде жүргізу керектігін бағамдай алуына мүмкіндік бар. Одан өзге, кәсіпкер немесе инвестордың техникалық шарттарды дайындау және келісу кезеңдерінде өз өтінішін бақылай алады.

Кәсіпкерлерді қолдауды оңтайландыру мақсатында газбен жабдықтау, электр және сумен жабдықтау, жылу жүйесіне қосу, байланыс және телекоммуникация желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алу процестері және оларды келісу, сервис арқылы «техникалық шарттар» құжатын беру толығымен автоматтандырылады дейді порталды дайындаушы мамандар.

Аталған жоба ашықтық негізінде жасалады. Техникалық шарттарды алудың мерзімдерін қысқартады, ведомствоаралық келісу процесін жеңілдетеді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу