Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ӨНІМДЕРДІ АРТТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

ӨНІМДЕРДІ АРТТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Түркістан облысы Төлеби ауданында ауылшаруашылығы өнімінің көлемін биыл 47 млрд 272,9 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бұл бағытта ауданда бірнеше ірі жобалар жүзеге аспақ. Мәселен, Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК сексен гектар жерге шие отырғызу және 500 тонна алма өнімдерін сақтайтын қоймаға жалпы 1 млрд 100 млн теңге инвестиция тарту жоспарлауда.
Бұдан бөлек, Көксәйек ауылдық округіндегі «АДС Агро» ЖШС 1800 бастық мал бордақылау алаңын ұлғайтып, мал басын 4000 басқа жеткізуді жоспарлауда. Тасарық ауылдық округінде жеке кәсіпкер Танабаев Сабыржан 2021 жылы 15 га жерге жүзім егуді, 2022 жылы тәулігіне бес тонна жеміс — жидек, көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын ашуды және 200 млн теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандағы суармалы жерлерді тиімді пайдаланып, бір жылда екі рет өнім алу бағытында іске асқан жүз жиырма жоба жалғасы табылатын болады. Нәтижесінде, ауылшаруашылығында 3 млрд 500 млн теңге инвестиция тартылуы және тоқсан бес адамның жұмыспен қамтылатын болады.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу