Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.
Өткен жылы Наурыз, Алаш, Өргебас, Атакент, Береке, Фердауси елдімекендерінің ауыз су жүйелерінің құрылысына бюджеттен 726 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Төрт нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, ауыз су жүйелері пайдалануға берілді. Ал, қалған екі нысан биыл іске қосылмақ. Жыл қорытындысымен 6 мыңдай тұрғыны бар 4 елдімекеннің ауыз су жүйелері толықтай жаңартылды.
Аудандағы 36 елдімекен табиғи газбен қамтылған. Яғни, 133 мыңнан аса тұрғынның 66 %-ы табиғи газды пайдаланады.
Былтыр аудан орталығы Мырзакент кентіндегі Энергетиктер көшесін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 46,2 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда табиғи газды үйлерге қосу жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, Жаңажол мен Нұрлыбаев ауылдық округтерін толық газбен қамту үшін 2,2 миллиард теңге бөліну үшін және тағы 9 елдімекенді газбен қамтуға құжат әзірленіп, облыстық салалық басқармаларға қаржы бөлдіру мақсатында ұсынылған.
Айта кетейік, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық жобалары аясында 2020 жылы Мақтаарал ауданында жалпы 50,5 шақырымды құрайтын электр желілері мен бағаналары, қосалқы стансалардағы 8 трансформатор толықтай жаңартылған.
@DIDARBEK.KZ