Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МАҚТААРАЛДА ЕКПЕ ЕГУ БАСТАЛДЫ

МАҚТААРАЛДА ЕКПЕ ЕГУ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданында коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Бүгін «Мырзакент» және «Атакент» аудандық ауруханаларының инфекциялық дәрігерлеріне екпе салынды.
Инфекциялық дәрігерлер — ел тұрғындарының ең осал топтарына жатады. Өйткені, олар инфекцияны тез жұқтырып, таратуға бейім келеді. Сондықтан, ең алдымен дәл осы бағыттағы дәрігерлер вакцинамен қамтылуда. Одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады.
Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСКАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері екпе салдыруда.
Мұнан соң екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары екпемен қамтылатын болады. Сондай-ақ, үшінші кезеңде мектеп — интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар екпе салдыртады.
Бұдан басқа, контингентті, оның ішінде халықтың қосымша осал топтарына жататын ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және т.б. лауазым иелеріне екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу