Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТЕКТІ ТӨРІМ – ТҮЛКІБАСЫМ!

ТЕКТІ ТӨРІМ – ТҮЛКІБАСЫМ!

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебі өтті, деп жазады DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының мәлімдеуінше, ауданның жергілікті кіріс бөлігінің жоспары 2 млрд. 601 млн. 900 мың теңге болса, орындалуы 2 мрд. 777 млн. 700 мың теңге болған. Демек, жоспардан тыс 175 млн. 800 мың теңге немесе 106,8 пайызға орындалған.
Тартылған инвестиция көлемі 15 млрд. 473 млн. 600 мың теңге, оның ішінде 4 млрд. 843 млн. 300 мың теңгесі республикалық бюджет есебінен, 1 млрд. 764 млн. 500 мың теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 8 мрд. 844 млн. 500 мың теңгесі кәсіпорындардан және 21 миллион 300 мың теңгесі халықтың өз қаржысы – қарыз инвестиция есебінен тартылған.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында 1 ірі, 3 орта, 24 кіші және 4 қосалқы: барлығы – 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда, оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны – 22, мезгілді жұмыс атқаратыны – 10.
Нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысымен 13 млрд. 469 млн. 269 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады.
(Ә.Ә.)

Пікір жазу