Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » КЕПІЛДІКСІЗ НЕСИЕ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

КЕПІЛДІКСІЗ НЕСИЕ АЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Несие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, әсіресе шағын бизнес иелеріне қолбайлау болуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің шағын бизнес иелері мен жас кәсіпкерлермен танысып, көкейінде жүрген мәселелерді бірлесе талқылады. Ортаға салынған мәселелердің басым бөлігі қолжетімді несиелерді алу аясында болды. Қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс» екендігін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын несиелердің көлемін ұлғайтып, халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерін 6 пайыздан асырмауды тапсырды.
Шағын бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына жаңа инструмент іске қосылып, тығырықтан шығар жол табылды. 5 млн. теңгеге дейін екі жылға кепілдіксіз несиеге ие болу үшін небәрі жарты сағат уақыт кетеді. Ол үшін жеке куәлік пен кәсіпкерлік құжаттың болуы жеткілікті.
«Бүгінгі кездесуіміздің басты себебі, осы жағымды жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп, жүзеге асырылу тетігін нақты іс жүзінде көрсету болып отыр. Шағын оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері айналым қаражатын толықтыру үшін 5 млн. теңгеге дейін 6 пайыздық несиені ешқандай кепілдіксіз алуға мүмкіндігі бар. Бұл қаржы инструменті аз уақыт ішінде бизнес үшін пәрменді қолдауға айналды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкерлерге құлаққағыс жасағым келеді. Құрметті кәсіпкерлер, бизнес үшін жасалынып жатқан қолдаулардың ауқымы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың кәсіпкерлерді қолдау саясатының айқын дәлелі. Мемлекеттік қолдау шараларын барша түркістандықтарға жеткізіп, әрбір кәсіпкерді қолдаулардан тыс қалдырмау – басты міндет. Сондықтан да, барлық кәсіпкерлерді осы іс-шараларға етене атсалысып, белсенді қатысуға шақырамын»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу