Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СУ АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ

СУ АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында биыл жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ұзындығы 220 шақырым болатын каналдар мен қашыртқы арықтарда механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстар каналдардың арнасынан тасуының алдын алады. Су арналары қордаланған қоқыстан тазартылып, мың гектарға жуық жер қайта айналымға түсетін болса, 5 мың гектар жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарады.
Келес ауданы аграрлық өңір болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Ал ауылшаруашылығы саласының күре тамыры ағын су жүйелері болып табылады. Бүгінгі таңда Келес өңірінде 145 канал, 147 қашыртықы, үш су бөгеті және 25 млн3 су сыйымдылыққа ие Ақылбексай су қоймасы бар.
Шаруалардың басым бөлігі ағын суды Келес өзені мен магистралы үлкен көрші Өзбекстан елінен бастау алатын Зах су жүйесі, Ашынау каналы, Бозсу су жүйесі, Ақ қойлы, СТК және ВТК каналдарынан алады. Ирригация жүйесінде 2020 жыл басынан аудандық бюджет есебінен ұзындығы 100 шақырымға жететін каналдар мен қашыртқылар тазартылып, 350 га жер қайта айналымға түскен болса, 2,5 мың гектарға жуық жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу