Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АЗАЙҒАН

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АЗАЙҒАН

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті былтыр өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын сақтауға қатысты 35 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 1 157 бұзушылық анықтады. Тиісінше 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға төмендегенін көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов мәлімдеді.
Оның айтуынша, заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары – 632 (54,6%), халықты әлеуметтік қорғау – 377 (32,5%), ауыл шаруашылық – 70 (6%), сәулет және құрылыс – 52 (4,4%) салаларында орын алған.
«Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты 47 әкімшілік хаттама түзіліп, 1 807 525 теңге айыппұл мемлекет кірісіне өндірілген. Өз кезегінде, құқық бұзушылықтардың ішінде көп кездесетін жағдайлар: рұқсат беру мерзімін бұзу, рұқсат беруден негізсіз бас тарту, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер», — деді департамент басшысы.
Түркістан облысында 610 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оларда қазіргі таңда 6 624 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда. Бос лауазымдар саны – 388 бірлік. Облыста кадр тұрақтылығы артқан. Айта кетерлігі, жалпы Түркістан облысында қызмет беруші мекемелер тарапынан 2020 жылы көрсетілген 18 027 462 қызметтің 91,1%-ы электронды түрде көрсетілген.
«Өтініштердің негізінде Департаментпен 24 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, арыздардың 66,6%-ы қанағаттандырылып, 8 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыста мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілікке тартылу дейгейі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға азайған. Сонымен қатар, 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда Әдеп нормаларын бұзу дерегі бойынша тәртіптік істер 43%-ға кеміген», — деді Айбек Ақбергенұлы.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу