Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «ПУИД-2» жобасы аясында каналдар мен арық-атыздардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп жазады аудан әкімінің баспасқз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Аталған жоба жалпы 40 мың гектар аумақты қамтып, 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Жоба аясында 220 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілуде.
Жобаның І бағыты бойынша әзербайжандық «Акилик Груп» компаниясы, ІІ бағыт бойынша ирандық «Туннель Саад Ариана» компаниясы, ІІІ бағыт бойынша израйлдік «Тахал Консалтинг Инжиниринг» компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда жалпы 3 бағыт бойынша ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін басқа да каналдар толық пайдалануға берілетін болады.
Айта кетейік, жобаның 3 бірдей бағыты аяқталғаннан соң Мақтаарал ауданының егістік алқаптары жер асты суларынан тазарып, қазіргіден екі — үш есе көп өнім алуға және мақтадан басқа ауыспалы егістіктерге көшуге мүмкіндік болады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу