Мақтаарал ауданында 2020 жылы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 15,4 миллиард теңгені құрап, одан алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 255,4%-ға артқан. Оның ішінде тұрғын үйлерді іске қосу 85 968 шаршы метрге артып, 410,7%-ға өскен, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ.
Ауданда 8 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық бюджет есебінен жалпы конкурстық құны 2,9 миллиард теңгеге 5 мектептің құрылыс жұмыстары басталып, 1,1 миллиард теңгенің қаржысы игерілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен жалпы конкурстық құны 906,0 миллион теңгеге 2 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 49,5 миллион теңгенің қаржысы игерілді. Нысандардың барлығы да 2021 жылға өтпелі.
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданы аумағында көпбалалы аз қамытылған 50 отбасыға 50 тұрғын үй сатып алуға 2020 жылы республикалық бюджет есебінен 417, 9 миллион теңге қаржы қаралып, толық игерілген. Қазіргі таңда, Мақтаарал ауданының тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық меншігіне тапсыру рәсімдері жүргізілуде. Алдағы уақытта аталған үйлер көп балалы аналарға табысталатын болады.
@DIDARBEK.KZ