Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КІТАПХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕУДЕ

КІТАПХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Мырзакент кентінде орталық кітапхана күрделі жөндеуден өтуде. Мырзашөл өңірінің тұрғындарының мәдениетін және интелектуалын дамытуға үлкен серпіліс беретін алып нысанның құрылысына 309 миллион теңге қаржы қарастырылды. 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға берілетін орталық кітапханада елу мыңнан аса кітап қоры сақталады және арнайы заманауи оқу залы мен оқу бөлмелері жұмыс жасайды. Оқушылар үшін балалар кітапханасы да жеке қарастырылған. Мәдени нысанда түрлі ақын — жазушылардың, қаламгерлердің шығармашылық кешін өткізу мақсатында 200 орындық концерт залы да жұмыс жасайтын болады.
Мырзакентте құрылысы жүрген алып нысандардың бірі — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы. 2066 көрерменге арналған алып нысанның жалпы конкурстық құны 240 миллион теңге. Нысанда көрерменге арналған орындықтардан бөлек, екі қабатты әкімшілік ғимараты, спортшыларға арналған киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, он екі адамға арналған сыртқы әжетхана, күзет бөлмелері бар. Сонымен қатар, алып стадионның аумағында скейдворкауд, кіші футбол алаңшалары және волейбол, баскетбол алаңшаларының құрылысы да қоса атқарылды.

@DIDARBEK.KZ

 

Пікір жазу