Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Мырзакент кентінде көркіне көрік қосатын тағы бір құрылысы жүріп жатқан нысан — Даңқ аллеясы. С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін 2020 жылы бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі.
Айта кетейік, өткен жылы Мақтааралда орын алған Төтенше жағдай салдарын жою бойынша сегіз әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Мырзакент кентінің жанынан бой көтерген жаңа мөлтек ауданда 400-ге жуық тұрғын үй салынып, бір мектеп, бір балабақша, бір дәрігерлік амбулатория мен полиция пунктінің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Өргебас, Фирдауси ауылдарындағы мектептер ағымдағы жөндеуден өтіп, дәрігерлік амбулатория мен полициялық тірек пункттері салынуда.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 2020 жылы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 15,4 миллиард теңгені құрап, одан алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 255,4%-ға артқан. Оның ішінде тұрғын үйлерді іске қосу 85 968 шаршы метрге артып, 410,7%-ға өскен.
@DIDARBEK.KZ