Облыс орталығынан алыс аудандарда жасалып жатқан жұмыстар да, жаңалықтар да аз емес.
Созақ ауданының халқы ауданға көгілдір отынның кіруін асыға күтіп отыр. Бұл жөнінде аудан басшысы Салыхан Полатов өз сөзінде «2021 жылға магистралды газ құбырының құрылысына 1 млрд 100 млн теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыру жұмыстарына 2021 жылға 1 млрд теңге қаржы қаралды. Демек, келер жылы газ кіргізілу жұмыстары жүргізіледі»,- деді. 37 шақырымды құрайтын 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жеткізге аудан әкімі, барлық ауыл кенттерді қамтылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл кенттерден 2 көше мемлекеттік жеке әріптестік серіктестігі арқылы және 5 көшеге бюджет есебінен жарықтандыру жүргізіледі, — дейді.
Соңғы уақытта аудан тұрғынджарын мазалап жүрген сұрақтың бірі — «Шолаққорған — Созақ» жолының алынуы. Бұл жөнінде аудан басшысы Салыхан Полатов, «»Екпінді-Шаян-Созақ-Ұланбел» облыстық маңызы бар автомобиль Шолаққорғанға дейін салынды, қаржының жоқтығына байланысты, Шолаққорған- Созақ бағытындағы жол тоқтатылған болатын. Алайда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттары жасалып, жобаны қаржыландыру мақсатында бюджетке ұсынылғанын айтып отыр.
DIDARBEK.KZ